БастыСпорт

«Қайрат» АФК футзалдан Қазақстан чемпионы атанды

«Қайрат» АФК футзалдан Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалдық серияның үшінші матчында алматылықтар «Атырауды» 8:3 есебімен жеңді.

Чемпиондар сапында голдарды Диего, Дуглас, Бауыржан Өмірбаев, Эдсон (дубль), Біржан Оразов (дубль) пен қақпашы Игита соқты. Ал күміс жүлдегер атанған «Атырау» сапында Болат Сарбасов, Эвертон мен Эрик Данило көзге түсті.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button