Бастыпроисшествие

Павлодарда адамды жеңіл көлікке байлап сүйреген

 Полиция бұл оқиғаға қатысы бар адамдарды іздестіріп жатыр.

«Полиция қызметкерлері осы видеоны Telegram әлеуметтік желісіне мониторинг жасау кезінде анықтап, зерттеп шықты. Аталған факт Павлодар қаласының полиция басқармасында тіркелді», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Әлеуметтік желіде кешкі қала көшелерінде артына байланған адамды сүйреп бара жатқан қара көліктің видеосы тарады.

«Полиция аталған фактіге қатысы бар тұлғалар мен куәгерлерді анықтау шараларын өткізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталу үстінде», – деді Ж.Қайыров.

Павлодар облыстық полиция департаменті осы видеоны түсірген куәгерлердің 102 немесе 87774586688 нөміріне хабарласуын өтінеді.

Құпиялылықтың сақталатынына кепілдік беріледі.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button