БастыҚоғам

Елорда аумағында қураған шөп пен қамыстың өртенуі көбейді

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында қураған шөп пен қамыстың өртенуі көбейді. Елордадағы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Сәбит Битаев осылай мәлім етті.

«Көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезең басталысымен өрттер саны артып келеді. Өрт қауіпі кезеңнің 20 күнінде Нұр-Сұлтан қаласының аумағында қураған шөп пен қамыстың 93 жану жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 есе көп, былтыр осы уақытта 18 өрт тіркелген болатын», – деді С. Битаев онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қызыл жалын тараған жалпы аудан 73 641 шаршы метрді (құрғақ шөп – 72 971 шаршы метр, қамыс – 670 шаршы метр) құрады. Бұл аумақ былтырға қарағанда 16 есеге көп, былтыр жанған аумақ 4540 шаршы метр болған еді.

«Қураған өсімдіктердің өртенуінің негізгі себептеріне тоқталсақ, отты абайсыз пайдалану, темекі шегу және өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу фактілері тіркелді», – деді департамент өкілі.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button