БастыСпорт

Қазақстан тұңғыш рет триатлоннан Азия чемпионатын қабылдайды

2021 жылдың 3-5 қыркүйегі аралығында Орталық Азияда тұңғыш рет триатлоннан Азия чемпионаты өтеді. Құрлық додасын Нұр-Сұлтан қаласы қабылдайды деп жазады Olympic.kz.

Азия біріншілігі 2021 жылғы маусымның ең басты додасы болмақ. Чемпионатта 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында, сондай-ақ, командалық эстафетадан жүлделер таратылады.

19 жасқа дейінгі атлеттер 750 метрге жүзуден, 20 шақырымдық веложарыстан және 5 шақырымға жүгіруден жарысады.

23 жасқа дейінгі атлеттер олимпиадалық қашықтықта, яғни, 1500 метрге жүзуден, 40 шақырымға велосипедпен жарысудан және 10 шақырымға жүгіруден сынға түседі.

Командалық эстафетада команда құрамына екі ер адам мен екі әйел адам енеді. Олар жүзуден 250 метрге, веложарыстан 6,6 шақырымға, жүгіруден 1,6 шақырымға жарысады.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button