БастыҚоғам

Елімізде бала туу көрсеткіші 3 пайызға өсті

2020 жылдың қорытындысы бойынша нәресте өлімінің көрсеткіші 3 пайызға төмендеді. Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

«Жалпы, мемлекет пен медицина қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында республикадағы медициналық-демографиялық ахуал былайша сипатталады. Өмір сүру ұзақтығының өсуі байқалды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша нәресте өлімінің көрсеткіші 3%-ға төмендеді. Бала туу көрсеткіші 3%-ға өскені байқалды», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, қатерлі аурулардан болатын өлім көрсеткіші 3 пайызға төмендеді. Бірлескен ведомствоаралық жұмыстың арқасында жарақаттардан, жазатайым оқиғалардан және уланудан болатын өлім-жітім көрсеткіші 15 пайызға азайды. Туберкулез сияқты қауіпті аурудан болатын өлім 21 пайызға төмендеді.

«Бұл құрғақ сандардың артында адам өмірі, медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегі, сондай-ақ ішкі істер қызметтерінің, жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың қызметі тұрғанын атап өткен жөн. Тіпті өлімнің кем дегенде 1%-ға төмендеуі де үлкен жетістік болып саналады, өйткені ел ауқымында бұл пайыздың артында мыңдаған адамның өмірі жатыр», – деді А. Цой.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button