БастыЭкономика

2025 жылы республикалық жолдардың 44% ақылы болады

Алдағы 5 жылда республикалық маңызға ие жолдардың 11 мың шақырымы ақылы қызметке көшеді. Редакцияға жолдаған жауабында «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Арман Жүсіпов осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы 5 жыл ішінде елімізде жолдардың 44% жуығы ақылы болады. Жалпы ұзындығы шамамен 11 мың шақырымды құрайды», – деп жазды «ҚазАвтоЖол» өкілі.

Сондай-ақ, ол ақылы жолдардан түскен ақша қайда жұмсалатынын түсіндірді.

«2020 жылы қолданыстағы ақылы учаскелерден қосымша құн салығын қосқанда 5,7 млрд теңге жиналды. «Автомобиль жолдары туралы» Заңның 5-бабының 5-тармағына сәйкес, ақылы учаскелердегі алымдардан алынған қаражат:

– ақылы автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп-ұстауға, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін ұстауға;

– жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешендерін енгізу және орнату мақсатында тартылған инвестицияларды қайтаруға;

– автомобиль жолдарында ақылы қозғалысты ұйымдастыруға бағытталады;

– ақылы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау үшін жол-пайдалану техникасын сатып алу және қызмет көрсету үшін жұмсалады», – делінген Ұлттық компанияның жауабында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button