Бастыпроисшествие

Петропавлда есірткі зертханасы анықталды

СҚО-да есірткі өндіретін шағын лабораторияның қылмысы әшкереленді.

Ақпан айының басында есірткіні жасырын орынға тығып кетпекші болған күдіктілердің бірі ұсталды. Полицейлер тінту кезінде он бес зиплокпен түйіншекті тәркілеген. Сараптама нәтижесінде ең қауіпті синтетикалық «мефедрон» табылды.

Күдіктінің айтуынша, ол бұл жұмысты телеграм желісі арқылы тапқан. Көп ұзамай полиция осы желінің ұйымдастырушысын қолға түсірді. Бірінші ұсталған жігіт тауарды осы кісіден алған. «Сатушының» жалдамалы пәтерінен тәртіп сақшылары есірткі өндіретін шағын зертхана мен дайын өнімді, яғни 160 грамм «синтетиканы» тапты.

– Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар Петропавл қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев

Басқа жаңалықтар

Back to top button