БастыЭкономика

Президент: Атырау облысында 55 мың адам жұмыстан босайды

Алдағы үш жылда Атырау облысында 55 мың адам жұмыстан босайды. Бұл туралы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Қазіргі таңда Атырау облысындағы тұрмыс деңгейі еліміздің өзге өңірлеріне қарағанда жоғары. Орташа жалақы 358 мың теңге, бұл – жалпы республикалық көрсеткіштен 1,6 есе жоғары (Қазақстан бойынша 222,9 мың теңге). Дегенмен, мұнда жүзеге асырылып жатқан «Болашақта кеңею жобасы» жақында аяқталады. Алдағы үш жылда 55 мың адам жұмыстан босайды. Облыс әкімі оның 31 мыңын еңбекпен қамтуды жоспарлап отыр. Бұл Атырау облысының ғана міндеті емес екенін еске саламын», – деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті жоба аясында вахталық тәсілмен өзге аймақтардың тұрғындары да жұмыс істеп жүргендігін атап өтті.

«Үкіметке жұмыстан босатылатын барлық жұмысшыларды біртіндеп еңбекпен қамту мәселесін пысықтауды тапсырамын»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button