Бастыпроисшествие

ШҚО-да заңсыз балық аулаған 64 адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысында «Уылдырық» жедел алдын алу шарасының алғашқы 4 күнінде заңсыз балық аулаудың 70-ке жуық дерегі анықталды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде 16 сәуір мен 30 мамыр аралығында су объектілерін қорғау, балық аулаудағы заңбұзушылықтарды анықтау, алдын алуға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған «Уылдырық» жедел алдын алу шарасы өткізілуде.

«Төрт күн ішінде балық ресурстарын заңсыз аулаудың 70-ке жуық дерегі анықталды. 64 адамға қатысты жалпы сомасы 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Полицейлер МИ-8 тікұшағымен бірқатар аумаққа әуеден барлау жүргізген. Сондай-ақ Ұлан, Күршім, Тарбағатай және Көкпекті аудандарының аңшылық алқаптары тексерілді», – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Әуеден шолу барысында жағалаулардың бірінен 18 қайық табылды. «Рахметолла» учаскесінде қызметкерлер 2 резеңке қайық, ескек, қайық моторы мен қапшықтағы ауларды анықтады. Барлық заттай дәлелдемелер аймақтық балық инспекциясына жолданған.

Айта кетейік, балық аулаудың заңмен белгіленген нормалары мен қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 381-бабына және ҚР ҚК-нің 335-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button