
«Бүгінде Қазақстанда Covid-19-дың оң нәтижесімен 292 250, теріс нәтижесімен 51 890 науқас тіркелді. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, республика соңғы 22 күн бойы «қызыл» аймақта тұр. Сонымен қатар 8 өңір «қызыл» аймақта. Түркістан мен Қостанай облыстары «жасыл» аймақта, ал қалған өңірлер «сары аймақта», – деді Алексей Цой.
Оның дерегінше, осы жылдың наурыз айының соңында эпидемиологиялық ахуал нашарлап, науқастану көрсеткіші 46 пайызға дейін артты.