Түркістан облысында 20 және 21 сәуірде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды. Бұл күндері мұнда жаңбыр, кей жерлерде қар жауады, тұман, найзағай, бұршақ болады, желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді.
Жамбыл облысының тұрғындарын да осындай жағдай күтіп тұр. Синоптиктер жаңбыр, кей жерлерде қар жауады, тұман түседі, найзағай, бұршақ жауады, екпіні секундына 23-28 метрге дейін дауыл соғып, көктайғақ болады деп болжап отыр. Күндіз ауа температурасы + 7 … +12 градус болады, түнде -3 градусқа дейін күрт суытады.
Алматы облысында да ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 21 сәуірде жаңбыр жауады, кей жерде қар жауады. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Облыс бойынша кей жерде бұршақ, найзағай және көктайғақ күтіледі. Күндіз ауа температурасы +7… +12 градус болса, түнде -3 градусқа дейін аяз келеді.