Бір апта ішінде елімізде 3 226 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.
«Бір апта ішінде елімізде 3 226 қылмыс жасалды, оның 2 148-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 6 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 34 тонау және 528 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты», – деді Н. Ораз ведомствода өткен онлайн брифингіде.


