
19 сәуірдегі мәлімет бойынша, 38 620 адам короновирус инфекциясынан (38 218 КВИ+ және 402 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 147 пациент стационарда, 24 473 науқас амбулаториялық деңгейде емделіп жүр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 674 адамның жағдайы ауыр; • 176 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 99 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 17 сәуірдегі мәлімет бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен 35 жаңа сырқаттанушы тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталған. 87 адам жазылып шыққан. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап науқастар саны – 51 879, өлім жағдайы – 751, барлығы 50 726 адам сауығып шықты.