Өтінімді қабылдау app.testcenter.kz сайтында 15 сәуір сағат 17.00-де басталды және бос орындар аяқталғанға дейін жалғасады.
Тіркелу кезінде ҰБТ тапсыратын күнді, уақытын және өтетін орнын өз еркімен таңдауға болады.
15 сәуірден бастап ҰБТ тапсыру үшін бірінші мүмкіндіктің датасын, ал 1 мамырдан бастап екінші мүмкіндіктің датасын таңдау мүмкіндігі беріледі.
Тестілеудің өзі 25 сәуір – 30 маусым аралығында өтеді. Аталған кезеңде ҰБТ-ға 2 рет қатысуға болады және жинаған ең жоғары балмен білім беру грантын тағайындау конкурсына түсе аласыз.
Биылғы – 2021 жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады.
Айта кетейік, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережесіне бірнеше өзгеріс енгізілді. Оның ішінде мемлекеттік білім грантын иелену үшін ҰБТ-ны екі мәрте тапсыру мүмкіндігі, ҰБТ-ның электронды форматқа ауыстырылуы бар.