БастыЭкономика

Елордада азық-түліктің қымбаттауына қандай факторлар әсер етті?

Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина азық-түлік бағасының қымбаттауына әсер еткен факторларды айтып берді.

«Бұл пандемияға, шикізаттың қымбаттауына және көлік шығындарына байланысты және осының бәріне пандемия әсер еткенін айтқым келеді. Әрине, бағалар өсуде, инфляция жүріп жатыр. Бұл өсім бүкіл республика аумағында байқалады», – деді Г. Ермолдина елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бағаның өсуіне азық-түліктің басқа өңірлерден жеткізілуі де ықпал етеді.

«Іс жүзінде барлық өнім өзге өңірлерден келетінін ескерсек, бұл қаладағы бағаларға да әсер етеді. Жыл басынан бері жеміс-көкөніс өнімдері 7%-ға, жұмыртқа 10%-ға қымбаттады. Тауық жұмыртқасына келсек, құс өлімі болғандықтан, бағаның өсуі бүкіл республика бойынша тіркелді», – дейді Г. Ермолдина.

Басқа жаңалықтар

Back to top button