БастыДенсаулық

Бас санитар: Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз

Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып тұр. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.

«Елордада COVID-19 инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша 1 ай қызыл аймақта тұрмыз. Осы жылдың басынан бері қала бойынша сырқаттанғандар саны 15 мыңнан асты. Пандемия басталғаннан бері 34 007 жағдай тіркелді. Оның ішінде 21 957 симптомды және 12 050 симптомсыз», — деді ол.

Сархат Бейсенованың айтуынша, ақпан айында сырқаттанушылық динамикасында қаңтармен салыстырғанда 25 пайызға төмендеу болса, наурыз айынан бастап елордада сырқаттанушылықтың тұрақты өсуі байқалады.

Наурыз айы мен сәуірдің 7 күнінің қорытындысы бойынша қаңтар мен ақпан айларына қарағанда 2 338 жағдайға көбірек тіркелді.

«17 наурыздан бастап аурудың күнделікті өсуі 1 пайыздан асып, 20-25 наурыз аралығында 0,64 пайызға дейін төмендеді. Соңғы 12 күннің ішінде бұл көрсеткіш орта есеппен 1,2 пайызға сақталып отыр. Соңғы тәулікте 578 бастапқы жағдай тіркелді. Симпомы бар 404 жағдай, симптомсыз 174 жағдай.

Басқа жаңалықтар

Back to top button