БастыТехнология
Енді «Ақылды бағдаршам» технологиясы жедел жәрдем көлігіне көмектеседі
«Ақылды бағдаршам» технологиясы елордалық жедел жәрдемге көмектеседі. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.
«Елорданың жедел жәрдем көліктеріне арнайы жабдықтар орнатылды. Бұл қондырғы көше қиылысына жақындағанда бағдаршаммен байланыс орнатып, жасыл шам жанады. ⠀
Нәтижесінде, Интеллектуалды тасымалдау жүйесін (ITS) жедел жәрдем көлігінің GPS навигаторларымен біріктіру арқылы жедел жәрдемнің науқасқа жету уақытын едәуір қысқартты», делінген хабарламада.
Компанияның мәліметінше, ззірге мұндай «жасыл дәлізбен» реанимациялық бригада көліктері қамтамасыз етілді.