БастыДенсаулық

Коронавирустан 21 адам қайтыс болды

Коронавирустан Қазақстанда 21 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, 24 642 адам короновирус инфекциясынан (22 841 КВИ+ және 1 801 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 327 пациент стационарда жатыр, 16 315 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 353 адамның жағдайы ауыр; • 76 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. Ведомствоның мәліметінше, 30 наурызда коронавирустан 21 адам қайтыс болған. Оның 17-сінде коронавирус расталса, 4-уі коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмониядан көз жұмған.

Айта кетейік, 30 наурыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша 1 663 адам коронавирус жұқтырған.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 356, Алматы қаласы – 526, Шымкент қаласы – 47, Ақмола облысы – 38, Ақтөбе облысы – 82, Алматы облысы – 191, Атырау облысы – 75, Шығыс Қазақстан облысы – 24, Жамбыл облысы – 24, Батыс Қазақстан облысы – 96, Қарағанды облысы – 93, Қостанай облысы – 37, Қызылорда облысы – 13, Маңғыстау облысы – 13, Солтүстік Қазақстан облысы – 21, Түркістан облысы – 7. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 244 981.

Басқа жаңалықтар

Back to top button