Алматыда ер адам жанынан өтіп бара жатқан бойжеткенді пышақтап тастады
Алматыда мас ер адам жанынан өтіп бара жатқан қызға пышақпен шабуыл жасады. Зардап шегуші пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 24 наурыз күні болған.
«Жанымнан өтіп бара жатқан адамнан зардап шектім. Ол менің арқама пышақ салды. Өкпеме де зақым келді. Ота жасалды. Қазір денсаулығым жақсы. Дәрігерлерге алғысым шексіз алғыс», – деп жазды жарақат алған қыз Instagram-дағы парақшасында.
Сонымен қатар, ол өзін пышақтаған адамды танымайтынын айтты.
Полиция департамертінің баспасөз қызметі, күдіктінің ұсталғанын мәлім етті.
«Күдікті 1969 жылы туған В. есімді мегаполис тұрғыны болып шықты. Ол алкогольдік мас күйде өтіп бара жатқан қызға негізсіз шабуыл жасап, пышақпен жарақаттаған. Қазір қыз ауруханада жатыр. Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркелген. Тергеу жүріп жатыр «, – деп хабарлады полициядан.