Бастыпроисшествие

Елордада бір тәулікте 75 жол апаты тіркелді

Өткен тәуліктің ішінде елорда аумағында 75 жол-көлік апаты тіркелді, зардап шеккендер жоқ. Бұл жайында қалалық полиция департаменті мәлім етті.

Департамент мәліметінше, ауа райының қолайсыздығы қала көшелерінде ахуалды қиындатып жібергенмен жағдай полиция қызметкерлерінің жіті бақылауында болды. Құқық қорғаушылар күшейтілген қызмет атқару режимінде жүмыс істеп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша іс-шаралар қабылдады. Жолда, қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмек көрсетіп, көліктерін қызметтік көліктерімен тартып шығарды. Полиция қызметкерлеріне азаматтық белсенділігі жоғары тұрғындар да көмек қолын созып, өздерінің жол талғамайтын көліктерімен жүргізушілерге көмек көрсетті. Жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін қажетті барлық іс-шара қабылданды.

Сонымен қатар қалалық департамент жүргізушілерден жолдарда аса абай болуды және жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды өтінеді.

«Жүргізушілер барынша мұқият болып, жылдамдық режимін және қауіпсіз ара қашықты бұлжытпай сақтау қажет. Жаяу жүргіншілерден жолды белгіленген жерлерден ғана өтуді сұраймыз. Осыған байланысты, жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өткелі алдында жылдамдықты барынша азайтуды, жалпыға білім беру мекемелерінің маңында аса мұқият болуды ескертеміз»,- деді ведомстводан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button