БастыМәдениет

Румыния жұрты қазақстандық кинематографтың шеберлігін жоғары бағалады

Румынияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар сериясын өткізу жалғасып жатыр.

Алғаш рет виртуалды режимде өтіп жатқан Бухаресттегі қазақстандық кинофестивалі аясында режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» атты массагет патшайымының өмірі туралы баяндайтын көркем фильмінің көрсетілімі өтті.

Кинофестивальдің жаңа форматы Румыниядағы көптеген көрермендерге тікелей эфирге қосылуға және румын тілінде субтитрі бар тарихи фильмді көруге мүмкіндік берді. Бұл ретте кинофестивальдің алғашқы фильмі румын жұртшылығының оң пікірлеріне ие болған.

2021 жылдың 17-18 наурызында румын көрермендеріне Қазақстандық режиссерлер Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Жаңғақ тал» және Рашид Сүлейменовтың «Қарашаңырақ» фильмдері ұсынылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button