
Елордада 84 жастағы қарияны соңынан аңдып жүріп тонаған күдікті ұсталды.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті қария банктен депозиттегі ақшасын алып шыққан бойда соңына түскен. Дәріге деп алған 300 мың теңгесін алып, қария бұрын өзі күзетші болып жұмыс істеген ғимаратқа кіреді. Осы сәтте артынан бейтаныс адам келіп құлатады да, үстелдегі пышақпен қарияны қорқытып, ақшасын тартып алады.
«Күдікті көп уақыт өтпей қолға түсті. 42 жастағы елорда тұрғыны бұрын да бірнеше рет сотталғаны белгілі болды. Ол кінәсін мойындап отыр. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына алынды. Оның осыған ұқсас басқа да қлымыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр», – деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.


