
Instagram-да жарияланған кондуктордың видеосын полиция қызметкерлері тексерді. Онда әйел бейәдеп сөздер айтып, зейнеткерді автобустан итеріп шығарып жібереді.
«Кондукторға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды», – деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Бұл баптың санкциясы бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлды немесе он тәулікке дейінгі қамау жазасын көздейді.


