БастыМәдениет

Қасым-Жомарт Тоқаев Иманбектің жеңісі туралы жаңалықты зор қуанышпен қабылдады

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында Президенттің атынан Иманбекті жеңісімен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық Иманбек Зейкеновке аса беделді Grammy музыкалық сыйлығының табыс етілуі жөніндегі жаңалықты зор қуанышпен қабылдады.

Өзінің таланты мен мақсат қоя білуінің арқасында диджей Imanbek әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленді. Оның шығармашылығы қазақстандық жастардың да ең биік шыңдарды бағындыра алатынын дәлелдеді» – деп жазды Берік Уәли.

Сонымен қатар, ол Президенттің атынан Иманбекті осы жарқын жеңісімен құттықтап, жаңа шығармашылық табыстар тілейтінін жеткізді!

Басқа жаңалықтар

Back to top button