БастыЭкономика

«Қазақалтын» шотынан 1,5 млрд теңге ұрлаған күдіктілер ұсталды

«Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» АҚ шотынан 1,5 миллиард теңге ұрлаған күдіктілер ұсталды.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 23 ақпанда «Қазақалтын» ТКМК» АҚ өкілдері компанияның шотынан 1 миллиард 533 миллион теңге ұрлау фактісі бойынша полицияға жүгінді.

Аталған қылмысты ашу үшін криминалдық полиция және тергеу бөлімшелерінің тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі «аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында ағымдағы жылғы 26 ақпанда полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында екі күдіктіні ұстады. Оның бірі 37 жастағы қаржы бөлімінің қызметкері болса, екіншісі оның 38 жастағы азаматтық некедегі күйеуі. Күдіктілерге қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – деді ведомстводан.

Тергеу органы тергеу шеңберінде залалды өтеуді қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.

«Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат жарияланбайды», – деп толықтырды ведомстводан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button