БастыСпорт

Елдос Сметов финалға шықты

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов "Grand Slam" жарысының финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келіде белдескен ол жартылай финалда әзірбайжандық Карамат Хусейновты жеңді.

Ташкентте өтіп жатқан әлемдік доданың финалдық бәсекесі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:55-те басталады.

Айта кетейік, Ерлан Серікжанов 66 келі салмақ дәрежесінде жарыстың қола жүлдесі үшін ресейлік Арам Григорянмен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button