БастыҚоғам

Екі облыста көлік қозғалысы шектелді

Наурыздың 3-і күнгі ақпарат бойынша Қазақстанның екі облысындағы жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Telegram каналында хабарлады.

3 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00:45-те ауа райына байланысты Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» тас жолының 526-615 шақырымында, нақтырақ айтқанда Батыс Қазақстан облысы мен Қобда ауылының аралығындағы жол бөлігінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.

Сондай-ақ «Самара-Шымкент» трассасының 265-526 шақырымында, нақтырақ айтқанда Подстепное ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығында барлық көлік түрлеріне жүруге болмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button