Бастыпроисшествие
Cемейде 142 жыл бұрын салынған ғимарат түннен бері өртеніп жатыр
Cемейлік өрт сөндірушілер 1879 жылғы ғимаратта шыққан жалынмен 10 сағаттан бері арпалысуда.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 26 ақпанда сағат 00.46-да Абай даңғылының бойында орналасқан ЖШС-ның екіқабатты ғимаратында өрт шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына бірден келіп жетті. Өрт 1879 жылы ағаштан салынған ғимараттың қабырғаларын, еденін, жиһаздарды және жеке заттарды шарпыған.0
3
«Қазіргі уақытта тілсіз жаумен 19 техника мен 55 адам күресуде. Алдын ала мәлімет бойынша, жалын 600 шаршы метр аумақты шарпыды», – делінген хабарламада.
Өрттің шығуына – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау, электр жабдықтарының апаттық жағдайда болуы немесе отпен абайсыз әрекет ету себеп болуы мүмкін.