БастыҚоғам

Павлодарда жол-көлік оқиғасынан 5 адам зардап шекті

Павлодар қаласының маңында жол апаты салдарынан 5 адам жарақаттанды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 ақпан күні кешке «103» қызметіне Ленин кентінің жанындағы республикалық тасжолда екі көлік соқтығысқаны туралы хабарлама түскен. Жол апатынан бес адам зардап шекті. «1964 және 1986 жылдары туған екі ер адамға жабық бас сүйек-ми жарақаты және бас миының шайқалуы диагнозы қойылды», – делінген хабарламада. Сондай-ақ, жол апатынан үш әйел зардап шеккен. 81 жастағы зейнеткерде кеудесінің жабық сынығы анықталды. 1966 және 1974 жылдары туған екеуінде білек буынының көгеруі тіркелді, олардың біреуі ауруханаға жатқызудан бас тартты. Барлық зардап шеккендер №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button