
Ведомствоның мәліметінше, 18 ақпанда сағат 13:48 шамасында жылдамдығы секундына 23- 25 метр екпінді жел мен ақтүтек боран Жақсы ауылындағы аудандық мәдениет үйінің шатырын құлатты. Желден ғимараттың 20 метр қоршауы қирап, өсіп тұрған ағаштарға құлаған.
«Ғимарат 1968 жылы салынған. Шатырға 2014 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Құтқарушылар төтенше жағдайларды болдырмау үшін облыс тұрғындары мен қонақтарына үйден шықпауға кеңес береді», деді ведомстводан.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Еске сала кетейік, Ақмола облысында ауа райына байланысты жолдар жабылған еді.

