Бастыпроисшествие

Елордада бір тәулікте 58 жол-көлік апаты болды

Елорданың полиция қызметкерлері ауа райының күрт жылынып, жолдардың тайғақ болуына байланысты қала тұрғындарын абай болуға шақырды.

Өткен тәулікте елорда аумағында 58 жол-көлік оқиғасы, ал түнде 13 оқиға тіркелген. Таңертеңнен бері тағы 24 көлік апаты есепке алынды. Абырой болғанда жол оқиғалары кезінде зардап шеккендер жоқ.

«Жүргізушілерге көше қиылысынан және жаяу жүргіншілер жолағынан өткен кезде барынша қырағылық танытып, жылдамдық режимін қатаң сақтауға кеңес береміз. Жаяу жүргіншілер үшін тайып құлаған сәтте жарақаттану қаупі жоғары. Қала тұрғындарынан жолдан және жаяу жүргіншілер жолағынан өткен кезде сақтық шараларын ұстануды өтінеміз. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті ауа райының нашарлауына және жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты қалааралық көлік құралдарының қозғалысы оқтын-оқтын шектелетіндігін ескертеді. Жүргізушілерге қалааралық сапарлардан бас тарта түруға және ауа райы мен тас жолдардың жай-күйі туралы хабарламаларды қадағалап отыруға кеңес береміз», – деді елорда полициясынан.

Айта кетейік, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті 17 ақпан күні елордада тұман, бұрқасын мен көктайғақ болатынын ескертеді. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, күші түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы – түнде -13-15°С, күндіз -9-11°С.

Басқа жаңалықтар

Back to top button