
2021 жылы 11 ақпанда «Nur Otan» партиясының елордалық мәслихаттағы фракциясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша Жол картасын талқылау жиналысы өтті.
Жиналыс жұмысына партияның қалалық филиалы төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.С. Көлгінов қатысты.
Жол картасын талқылауға мәслихат депутаттары Т.М. Нәрікбаев, Д.С.Байсеркина, Г.Ә. Жапарова, А.М.Әбдыров, А.С. Айтхожин және мәслихат хатшысыЕ.Е.Каналимов қатысты.
2020 жылғы қараша айында бекітілген Сайлауалды бағдарлама сайлаушылардың тілектері мен елорда тұрғындарын мазалайтын өзекті мәселелерден құралған. Бұл құжат біздің қоғамның барлық саласын қамтиды.
Азаматтардың денсаулығына ерекше мән берілді – бұл негізгі басымдық. Алдағы бесжылдықта 30 дәрігерлік амбулатория, көпсалалы емхана мен перзентхана салынады.
Партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген маңызды міндеттің бірі – балаларды қолжетімді және сапалы біліммен қамтамыз ету мақсатында 50 жаңа мектеп салынады.
Нұр-Сұлтан өмір сүру үшін жайлы қала болу керек. Осы орайда, 500 ауланың жөндеу жұмыстарын жасау және абаттандыру жоспарлануда.
Елорда тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселе қатарында қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бар. Бұл мәселені шешу мақсатында жыл сайын 10 мың пәтер салыну жоспарлануда.
Бұл шын мәнінде біздің қаламыздың 5 жылдық даму жоспары екенін Жол картасы көрнекі түрде көрсетті. Депутаттар Жол картасының әрбір тармағына нақты депуттаты, фракция мүшесін бекіту туралы шешім қабылдады.
«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Кәрібек:
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жоғарыдан төменге емес, керісінше Праймериз арқылы, «Есіктен есікке» акциясы арқылы қаламыздың тұрғындарынан тілектер мен, ұсыныстарына сүйене отырып жасадық. Партия қалалық бағдарламада ТОП-10 мәселені анықтады. Ендігі уақытта Біз осы сайлауалды бағдарламамыздағы ТОП-10 мәселені шешу үшін 13 бағыттан, 107-ден астам тармақ пен бөлімшеден тұратын нақты істер Жол картасын іске асырамыз. Біз қалалық сайлауалды бағдарламамыздың толық іске асуын, ондағы индикторларға қол жеткізуді мәслихаттағы фракциямыз арқылы қамтамасыз етеміз.
«Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатындағы фракциясы жетекшісі Владислав Сергеев: «Біздің бағдарламаның барлық тармағын іске асыру – бұл біздің парызымыз және әрбір депутаттың жеке жауапкершілігі».
«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Жанділдаев Бақдәулет:
Жастарды кәсіпкерлікке тарту аясында 3 000 жасқа кәсіпкерлік негіздерін оқытуды ұйымдастыруды және ісін жаңа бастаған 200 жас кәсіпкерге грант ұсынуға ықпал етеміз.
«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Динара Байсеркина:
Азаматтардың денсаулығы – біздің негізгі басымдық. 30 дәрігерлік амбулатория, жаңа көпсалалы емхана мен перзентхана саламыз.


