Бастыпроисшествие
Мароккода су тасқынынан 24 адам қаза тапты
Мароккода толассыз жауған жаңбырдан фабриканы су басып, 24 адам қаза тапты. Тағы 10 кісі құтқарылды. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады.
Оқиға елдің солтүстігіндегі Танжер қаласында болды. Заңсыз кәсіпорын қала шетіндегі бір үйдің астында орналасқан. Жауыннан ол лезде суға толып, жұмысшылар қамалып қалса керек. Қайғылы оқиға кезінде фабрикада қанша адам болғаны белгісіз. Қазір оның себептері тексеріліп жатыр.
Ал жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Мароккода індеттен ірі кәсіпорындар тапсырыстарды көптеп орындау үшін осындай заңсыз фабрикалардың қызметіне сүйенуді арттырған. Оларда әдетте 40 адамға дейін жұмыс істейтінін айтады.