БастыСпорт

Кукушкин әлемнің үздік теннисшісінен жеңілді

Австралияның Мельбурн қаласында теннистен АТР 250 санатындағы ірі турнир жалғасуда. Өкінішке қарай, Қазақстан командасының мүшесі Михаил Кукушкин жеңіліске ұшырады деп жазады Olympic.kz.

Кукушкин жарыстың екінші айналымында әлемнің үздік теннисшілерінің бірі, «Үлкен Дулыға» турнирлерінің жеңімпазы, швейцариялық Стэн Вавринкамен кездескен болатын.

Үш сетке созылған кездесуде Вавринка 4:6, 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Матч жалпы есебі 1 сағат 56 минутқа созылған.

Айта кетелік, Михаил Кукушкин АТР рейтингінде 90-орында тұр. Ал Стэн Вавринка 18-сатыда.

Қазақстан командасы көшбасшыларының бірі Александр Бублик бүгін австралиялық теннисшіге қарсы кортқа шығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button