БастыҚоғам

Павлодарда қонақ үйден өрт шығып, 186 адам эвакуацияланды

Павлодар қаласында қонақ үйден өрт шығып, 186 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Рavlodarnews.kz сайты хабарлады.

«21 сағат 03 минутта «101» пультіне Павлодар қаласындағы қонақ үйлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Департаменттің күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілді. Он бір қабатты қонақ үйдің бірінші қабатында 10 шаршы метр аумақта қоқыс жанып жатқаны анықталды», – деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Тілсіз жау 21 сағат 23 минутта сөндіріліп, 186 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болған.

Павлодар облысы ТЖ департаменті барлық азаматтардан өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтануды сұрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button