БастыСаясат

Қазақстанда Қаржылық мониторинг агенттігі құрылды

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлық шықты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Әкімшілігі  туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы  № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі», делінген Қаулыда.

Ведомства тікелей Президентке бағынады. Агенттік төрағасы болып Жанат Элиманов тағайындалды. Жаңа құрылым қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырып, терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет етеді. Экономикалық және қаржылық қылмыстармен де айналысады. Сосын оларды анықтап, жолын кесіп, тергеп-тексере алады.

Мемлекет басшысының тиісті Жарлығын Ақорданың ресми сайтынан оқи аласыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button