Павлодар облысында интернет-алаяқтыққа қарсы жедел желі телефоны іске қосылғаны туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz
Интернет-алаяқтықтың жиілеп кетуіне байланысты Павлодар қаласының Полиция басқармасы 8-702-798-25-56 жедел желі телефонын іске қосты.
Осы нөмірге қоңырау шалу арқылы сіз өзіңізді де, отбасыңызды да алаяқтардың қылмыстық қол сұғуынан қорғай аласыз.