
2021 жылдың 18 қаңтарында анықтамасыз келген 132 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды деп хабарлайды Kaznovosti.kz Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram-каналына сілтеме жасап.
2021 жылғы 19 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.
1 915 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 713 адам, анықтамасыз 202 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
🔹 Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 479 жолаушы, анықтамамен – 1 319, анықтамасыз – 160;
🔹 Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 199 жолаушы, анықтамамен – 198; анықтамасыз – 1;
🔹 Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 237 жолаушы, анықтамамен – 196; анықтамасыз – 41.
«Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде»,- делінген баспасөз хабарламасында.