Бастыпроисшествие

ШҚО құтқарушылары «Алматы-Өскемен» тас жолында қалып қойғандарға көмек көрсетті

2020 жылғы 27 желтоқсанда түн ортасында ШҚО ТЖД құтқарушылары Алматы-Өскемен тас жолының 805 шақырымында (Аягөз қаласынан 30 шақырым жерде) қалып қойған жолаушыларға көмекке келді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейстік Газель көлігі сынып қалып, ішіндегі 14 адам бірден «112» қызметіне көмекке жүгінген екен. Оқиға орнына келіп жеткен 22-ӨСБ қызметкерлері сынған көліктегі адамдарды, сондай ақ сол жердегі Камаз көлігіндегі 2 жүргізушіні алып кетті. Барлық адамдар Аягөзге жеткізіліп, осындағы орта мектептің біріне орналастырылды. Газель көлігі жолаушы көлікпен Аягөз қаласына сүйреп әкелінді.

ШҚО құтқарушылары елді мекеннен тыс алыс жолға шығар алдында:

– «Дармен» қосымшасы арқылы жолдардың жағдайын біліңіз;

– Баратын жеріңіз және оралатын уақытты туыстарыңызға айтыңыз;

-Көліктің техникалық жағдайын тексеріңіз;

– Көлікке қолшам, дәрі қобдишасын, жылы киім алып, аккумуляторды қуаттаңыз.

Дауылдық ескертуге сәйкес жақын күндері өңірде қатты аяз күтіледі. Абай болып, құтқарушылардың кеңестеріне құлақ түріңіз. Құтқарушылардың көмегі қажет болса 112 нөміріне хабарласыңыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button