БастыБілім

Ұстаздарды есептіліктен арылту: 11 құжат формасы алынып тасталды

Мұғалімдерді көптеген есептіліктен арылту үшін заңды негіздер пайда болды. Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізбесі белгіленді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап Kaznovosti.kz хабарлайды.

Артық есептілікті талап еткені үшін лауазымды тұлғалар айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мектеп басшысы мен оның орынбасарлары толтыратын нақты қажетті құжаттар тізімі де белгіленген, қажеті жоқ құжаттар алынып тасталды.

Жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарында да қатаң есептегі құжаттардың 11 формасы алынып тасталды, бұл оқытушыларға сабаққа дайындалуға және кәсіби дамуға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button