БастыСпорт

Асқар Маминнің төрағалығымен бұқаралық спортты дамытуға арналған бағдарлама қаралды

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалық етуімен онлайн режимде бұқаралық спортты дамытуға тартылған топ дайындаған бағдарлама қаралды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Ел үміті» салалық менеджерлері қолға алған бастамалар елімізде балалар және жасөспірімдер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында басымдықты кәсіби спорттан балалар және жасөспірімдер, бұқаралық спортқа бұру қажеттігін айтқан еді.

Осыған орай, жас менеджерлер спорттық клуб жүйесін, мектепке дейінгі білімді бір жүйеге келтіріп, дене шынықтырумен айналысатын азаматтарды ынталандыру біріккен жүйесін жасап, бұқаралық спортты дамыту орталығын құру қажеттігін айтты. Премьер-министр аталған ұсыныстарды қолдап, Министрлікке келесі жылдың ортасына дейін осы тапсырмаларды орындау бойынша Жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Жоспар сәтті жүзеге асатын болса, 5 жылдың ішінде спортпен белсенді тұрақты түрде айналысатындар санын 45-50 пайызға жеткізуге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button