
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Армения Республикасының Елшісі Гагик Галачянды қабылдады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың негізгі аспектілерін, көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды талқылады. Сондай-ақ ТМД, ЕАЭО және ҰҚШҰ-ны қоса алғанда, еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі екі елдің табысты ынтымақтастығын атап өтті.
Министр екі ел арасында берік саяси диалог орнағанын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық табысты дамып келе жатқанын атап өтті. Ол Елшіге екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Армян дипломаты СІМ басшылығына оның қызметі барысында жан-жақты көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

