Ақмола облысында лауазымды тұлғаларға қатысты заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша тергеу басталды

Ақмола облысы бойыншаТөтенше жағдайлар департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Kaznovosti.kz Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті 2020 жылдың 6 қарашасында Ақмола облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды тұлғаларға және басқаларға қатысты Қазақстан Республикасы аумағында (Алматы, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Қарағанды) заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
ҚР ҚК 201-бабының 1-б. сәйкес (сотқа дейінгі тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барысы туралы ақпарат жария етуге жатпайды.
Жалпы, 2020 жылдың басынан бастап 765 заңсыз ойын мекемесінің қызметі тоқтатылды. 22 жерасты казиносы жойылып, 12 мыңнан астам ойын автоматтары заңсыз айналымнан алынды.
Бұл көрсеткіштерге «Стоп-ойын» жедел-профилактикалық іс-шарасын жандандыру арқылы қол жеткізілді. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.
