БастыҚоғам

Адам құқықтары мәселелерін талқылау жөніндегі жұмыс тобының кездесуі өтті

4 қарашада, ҚР әділет министрлігінің алаңында онлайн-форматта әділет министрі М.Б. Бекетаев, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшісі Уильям Мозер, ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Ш. Қожаев, сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Н. Ашықбаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М. Әукенов, ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш. А. Баймановтың қатысуымен адам құқықтары мәселелерін талқылау жөніндегі жұмыс тобының кездесуі өтті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz 

Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, отбасылық және гендерлік саясатты іске асыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, қатысушылар адам саудасына қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады.

Кездесуге қатысушылардың барлығы адам құқықтары мен бостандықтарын, отбасының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету салаларындағы өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button