Өрт қаупі бар кезеңде 26 әуе кемесі жұмылдырылады – Экология министрлігі

Спикердің айтуынша, авиациялық орындарға 18 тікұшақ және үш ұшақ қойылды, мамыр айының соңына дейін тағы төрт тікұшақ пен бір ұшақ жіберіледі. Жалпы алғанда, өрт қаупі бар кезеңде 26 әуе кемесі жұмылдырылады, оның ішінде 13 тікұшақ сыйымдылығы кемінде 600 литр болатын су төгу құрылғыларымен жабдықталады.
«Көкшетау, Семей, Павлодар, Өскемен және Алматы қалаларының әуежайларында сыйымдылығы 5 тоннаға дейінгі су төгетін құрылғылармен жабдықталған бірінші класты тікұшақтардың кезекшілігі ұйымдастырылды. Алгоритмге сәйкес 2026 жылғы өрт қаупі бар кезеңде ірі орман өрттерін сөндіруге ҚР Қорғаныс министрлігінен 7 әуе кемесі және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен 22 әуе кемесі қосымша тартылады. Орман иеленушілерде 626 ұшқышсыз ұшу аппараты бар. Өткен жылдармен салыстырғанда ҰҰА-мен патрульдеу саны артты, олар жұмыс режимінде және одан әрі пайдалануға дайын», – деді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті басшысының м.а.
Бұдан басқа, өрттерді тиімді сөндіруді қамтамасыз ету үшін өрт сөндіру техникасы мен авиацияға арналған су алу инфрақұрылымы дайындалды. Мемлекеттік орман қоры аумағында 400-ден астам су айдыны бар, оның ішінде 51-інің тереңдігі 5 метрден асады. Қосымша өрт сөндіру машиналарын сумен жедел толтыру үшін мемлекеттік орман қоры аумағында 82 терең ұңғыма және көлемі 50 текше метрден асатын 136 стационарлық су ыдысы бар. Әуе кемелерін тарту мүмкіндігі үшін әкімдіктер көлемі 130 тоннадан астам жанар-жағармай материалдарының, оның ішінде авиаотын қорын жасақтады.
Сондай-ақ спикер 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап Экология министрлігінің Республикалық жедел басқару орталығында тәулік бойы жұмыс режиміне көшу мүмкіндігімен күнделікті кезекшілік ұйымдастырылғанын атап өтті. ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында жедел штаб құрылып, жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта мүдделі ұйымдар өкілдерінің тәулік бойы кезекшілігі қамтамасыз етілген. Өртті ерте анықтау жүйесінің камералары, сондай-ақ mchs.gharysh.kz геосервисінің деректері бойынша пайда болатын тұтануларға жедел ден қоюды қамтамасыз ете отырып, республика аумағындағы өрт жағдайына тұрақты мониторинг жүзеге асырылады.
Мақсат Елемесов өрт жағдайы нашарлаған немесе табиғи өрттер туындаған жағдайда мүдделі орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қосымша тартылатынын қосты.



