Қоғам

ІІМ: Полицейлер үш күнде 500-ге жуық малды иелеріне қайтарды

Қазақстан Республикасы ІІМ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың мүлкін қорғау мақсатында 3-5 наурыз аралығында «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үш күн ішінде мал, ет және ет өнімдері сатылатын ірі базарлар тексерілді. Полицейлер ауыл шаруашылығы малдарын тасымалдаған 10 мыңнан астам автокөлікті қарап, 3,5 мыңнан астам етті сатып алу және өңдеу орындарын, сондай-ақ 6,5 мыңнан астам шаруа қожалығын, жайылымдық учаскелер мен фермерлік шаруашылықтарды тексерді.

Іс-шара қорытындысы бойынша 82 адамның мал ұрлығына қатысы бары анықталып, 16 қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойылды. Иелеріне 500-ге мал қайтарылды.

Мәселен, Абай облысында бір мезгілде мал ұрлығымен айналысқан үш қылмыстық топтың жолы кесілді. Олар аталған өңірде бірнеше мал ұрлығын жасаған.

Сонымен қатар рейдтік іс-шаралар барысында ірі мегаполистер — Астана, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан 9 заңсыз мал сою цехы анықталды.

Ішкі істер министрлігі ауыл шаруашылығы малдарының иелеріне малды қараусыз жайылымға жібермей, тұрақты бақылаумен бағуды ұйымдастыру қажеттігін еске салады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button