БастыҚоғам

Шахтер күні қарсаңында сала мамандары мен ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді

Шахтер күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов көмір өнеркәсібінің ардагерлері мен мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыс етті, деп мәлімдейді ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі

Қазақстан минералдық ресурстардың ең ірі қоры бар он мемлекеттің қатарына кіреді. Еліміздегі көмір қоры 34 млрд тоннаға бағаланады, бұл әлемдік ресурстардың 4%-ын құрайды. 2025 жылдың жеті айында ел экономикасы 6,3%-ға өсті. Бұл ретте тау-кен өнеркәсібі 8,5%-дық жоғары өсу қарқынын көрсетті, көмір өндіру 10,6%-ға өсті. Бүгінгі таңда салада 145 мыңнан астам азамат қызмет етеді, оның 32 мыңы – көмір өнеркәсібінде.

«Мемлекет басшысы жариялаған биылғы «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында шахтерлер мен кеншілер еңбегіне ерекше көңіл бөлінуде. Ғасырлар бойы бұл мамандық ең күрделі және маңызды мамандықтардың бірі болып отыр. Сіздердің табандылықтарыңыз бен төзімділіктеріңіз, еңбекқорлықтарыңыз бен адалдықтарыңыз құрмет пен мақтауға лайық. 

Еңбек адамын жан-жақты қолдау, өндірісте қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету – мемлекеттің басты басымдығы. Ол мақсатта еліміздегі шахталар өндірістік қауіп-қатерлерді төмендетуге мүмкіндік беретін цифрлық жүйелермен жарақтандырылуда. Пилотсыз техника, қашықтан басқару және жерасты радиобайланысы енгізілуде. Бұл жұмыстар жалғаса бермек», — деп атап өтті Премьер-министр.

Олжас Бектенов тау-кен өнеркәсібі өзінің стратегиялық маңызын сақтап қала беретінін атап өтті. Сирек және жерде сирек кездесетін металдардың кен орнын игеру еліміздің дамуына қосымша серпін беріп, шахтер мамандығының маңызын нақтылай түседі.

Шахтерлер мен кеншілер Мемлекет басшысына жұмысшы мамандықтарына көңіл бөліп келе жатқаны үшін алғыс білдірді.

«Бүгін елімізде елеулі мереке болып жатыр. Осы Шахтер күнімен кеншілерді құттықтаймын. Менің бұл саладағы жалпы еңбек өтілім қырық жылға жуық. Кеншілердің жұмысы жемісті, қауіпсіз болсын деп тілеймін. Еңбегімізді бағалап, марапаттап жатқан Мемлекет басшысына зор алғысымды білдіремін», — дейді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Қарағандытүстімет» ӨБ «Нұрқазған» кенішінің директоры Мұқан Үнгітбаев.

Жоғары мемлекеттік наградаға ие болғандардың қуанышында шек жоқ. Олар бұл марапаттар кеншілердің еңбегіне, төзімділігі мен жанкешті еңбегіне берілген жоғары баға деп есептейді.

«Тау-кен өндірісіне 1996 жылы келдім. Содан бері 28 жылдың жүзі болыпты. Бүгін еңбегіміз еленіп, жоғары мемлекеттік мапрапат алып жатқаныма алғысымды айтамын. Келе жатқан кәсіби мерекеміз құтты болсын! Отбасыларыңызға амандық, жақсылық тілеймін. Қуанышты күндеріңіз көп болсын», — дейді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – Қ.И. Сәтбаев атындағы «Жезқазғантүстімет» ӨБ-нің үңгілеушісі Ербол Есетов.

Кеншілер қауымы тау-кен саласы, соның ішінде, көмір өндіру кәсібі өте үлкен оң өзгерістерге ұшырап жатқанын айтады. Салада қайта жаңғырту жүріп, өндірістің қарқынын арттыру мәселелері шешімін табуда.

«Мен Мемлекет басшысына, біздің компанияның басшылығына менің еңбегімді лайық бағалап, жоғары наградаға ұсынғаны үшін рахметімді айтамын. Бұл тек маған ғана емес, ұжымыма, әріптестеріме берілген баға деп білемін. Өзім көмір өнеркәсібінде 40 жылдан астам уақыт қызмет етіп келемін. Еңбек жолымды тау-кен шебері болып бастап, департамент директоры қызметіне дейін көтерілдім. Бұл мамандықты жастайымнан таңдадым, мектеп бітірген соң политехникалық институтқа оқуға түстім. Содан бергі аралықта, тау-кен саласы, соның ішінде, көмір өндіру кәсібі өте үлкен табыстарға қол жеткізді. Қайта жаңғырту жүріп жатыр, қауіпсіздік мәселелері, өндірістің қарқынын арттыру мәселелері шешімін табуда. Бұл өзгерістерде үлкен ұжымның ұшан-теңіз еңбегі жатыр. Осыған орай барша шахтерлерді бүгінгі кәсіби мерекемен құттықтап, зор денсаулық, ырыс-береке тілеймін», — дейді «Qarmet» АҚ Көмір департаментінің өндіріс жөніндегі директоры Төлеген Шаяхметов.

Көмір және тау-кен саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ерекше көзге түскен қызметкерлерге мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтар табыс етілді.

Марапатталғандар:

«Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі» құрметті атағы:

Краснощеков Сергей Васильевич – «Qarmet» АҚ Түсіп Күзембаев атындағы шахтаның жерасты тау-кен жұмысшысы

Есетов Ербол Жағыпарұлы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – Қ.И. Сәтбаев атындағы «Жезқазғантүстімет» ӨБ-нің үңгілеушісі

Бажақанов Исмағұл Жаркетұлы – «Қазхром» АҚ Дон тау-кен байыту комбинаты (ERG) «Болашақ» шахтасының үңгілеушісі

«Құрмет» ордені:

Жанайдаров Бейбіт Қамшыбайұлы – «Qarmet» АҚ «Шахтинская» шахтасының электр слесары

Сорочкин Александр Васильевич – «Qarmet» АҚ Түсіп Күзембаев атындағы шахтаның үңгілеушісі

Қыдыралин Болат Сабырұлы – «Шұбаркөл көмір» АҚ «Орталық» тау жұмыстары телімінің экскаватор машинисі

Семейбаев Сырым Сайранбекұлы – «Qarmet» АҚ басқарма мүшесі – басқарма төрағасының бірінші орынбасары

Шаяхметов Төлеген Нәбиұлы – «Qarmet» АҚ Көмір департаментінің өндіріс жөніндегі директоры

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені:

Айтпаев Мейірбек Әбдіқамитұлы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – Қ.И. Сәтбаев атындағы «Жезқазғантүстімет» ӨБ-нің VI разрядты жарушысы

Арнаутов Петр Михайлович – «Өркен» ЖШС «Батыс Қаражал» шахтасының электр слесары

Әлкенов Нұрлан Тұяқұлы – «Еуроазиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ (ERG) «Шығыс» разрезінің экскаватор машинисі

Надежкин Александр Васильевич – «Qarmet» АҚ Қарағанды көлік-жүк тиеу басқармасының тепловоз машинисі

Подопригора Олег Александрович – «Қазхром ТҰК» АҚ (ERG) Шахта құрылыс цехының бастығы

Река Игорь Петрович – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – Қ.И. Сәтбаев атындағы «Жезқазғантүстімет» ӨБ-нің ІІ разрядты кеншісі

Төребеков Ержан Серікұлы – «Qarmet» АҚ «Шахтинск» шахтасының үңгілеушісі

Үнгітбаев Мұқан Жалғасұлы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Қарағандытүстімет» ӨБ «Нұрқазған» кенішінің директоры

Ілиясов Руслан Серікбайұлы – «Qarmet» АҚ Қарағанды жүк тиеу-көлік басқармасының тепловоз машинисі

«Ерен еңбегі үшін» медалі:

Андронуца Юрий Александрович – «Шұбаркөл Көмір» АҚ №1 автоколоннасының тау көлігі жүргізушісі

Исекеева Роза Қадырбекқызы – «Қазхром» ТҰК» АҚ (ERG) кен байыту және кесектеу диспетчері

Попов Игорь Николаевич – «Шұбаркөл Премиум» АҚ №2 автоколоннасының жол-көлік машиналарының машинисі

Прокопов Александр Николаевич – «Qarmet» АҚ «Саран» шахтасының тау-кен жұмысшысы

Путырский Анатолий Аркадьевич – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – Қ.И. Сәтбаев атындағы «Балқаштүстімет» ӨБ «Саяқ-1» шахтасының V разрядты жарушысы

Сәрсембаев Рашид Барлыбайұлы – «Өркен» ЖШС («Qarmet» АҚ) бас кеншісі

Соғымбаев Азат Болысбекұлы – «Шығыстүстімет» ЖШС Ертіс шахтасының №2 телімінің үңгілеушісі

Хаметов Дүйсембай Жаймырзаұлы – «Шұбаркөл Премиум» АҚ №2 автоколоннасының автомобиль жүргізушісі

Басқа жаңалықтар

Back to top button