ГлавнаяЗдравоохранение

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты жедел желі іске қосылды

Жедел желі арқылы індетке қатысты кез-келген сұраққа жауап тауып, дәрігерлер кеңесін де осы жерден алуға болады

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үшін тәулік бойы жедел желі жұмыс істейтін болады. Бұл жайында қала әкімдігінің сайтында хабарланды.

Сонымен қатар коронавирус инфекциясына байланысты соңғы жаңалықтарды жедел тарату үшін жаңа сайт іске қосылды.

«Елорда әкімдігінің сайты covid19.astana.kz парақшасын іске қосты. Онда тұрғындар коронавирус инфекциясы туралы ресми мәліметтерді таба алады. Парақшадан COVID-19 жағдайымен, дүкендер мен басқа да сауда нысандарының, оқу орындарының, көліктің, діни мекемелердің (мешіттер мен шіркеулердің), мәдени және спорт мекемелерінің режимі мен жұмыс жағдайлары туралы жаңалықтарды табуға болады», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар парақша арқылы COVID-19 инфекциясына тестілеуден қайда өтуге болатынын білуге болады. Сондай-ақ, зертханалардың мекенжайы, оқшаулау режимінде өзін қалай ұстау керек екені, дәрігерлердің бақылауымен үйде емделу, дәріханада дәрі-дәрмектердің бар-жоғы туралы ақпарат табуға болады.

Еще новости

Back to top button