
2022 жылдың 18-22 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Технологиялық колледжінде» WorldSkills Russia Ұлттық чемпионатының 1 орын иегері, Ресейдің үздік наубайшысы – Павел Агаповтың «Заманауи наубайшы» мастер-классы өтеді.
Мастер-класс 5 күнге созылады. Онда студенттер нанның әр түрін пісірудің қыр-сырын теория-практика жүзінде меңгереді.
Бағдарлама 40 сағатқа жоспарланған. Сондықтан онда қамырды дұрыс илеу, ашытқы таңдаудан бастап, круассан, багет, ашытылған қара бидай нанын, глютенсіз нанды, фокачча, геркулес қосылған ашытқыдағы нанды пісіруге дейін барлығы кезең-кезеңмен көрсетіліп, үйретіледі.


