БастыҚоғам

Пойыздың 12 вагоны рельстен шығып кеткен

«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 ақпанда сағат 13.55-те жүк пойызының 12 вагоны жолдан шығып кеткен, деп хабарлады Elorda.info.

Оқиға кеше Мойынты – Сарышаған қос жолды учаскесінің Новалы стансасында болды. Жолдан шығып кету себебі – ресейлік вагон бүйір рамасының сынуынан. Түнге жақын бір жолы ашылып, пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары қазір жалғасып жатыр, – деді компания баспасөз қызметінің жетекшісі Қайсар Жұмабайұлы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button